• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Сәуір, 2020

Төлем алуға – Telegram-бот

1149 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдайлар кезеңінде табысынан айырылуына байланысты азаматтардың Мемлекеттік әлеу­меттік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) төлем алуға өтініш беру рә­сімін жеңілдету үшін арнайы Telegram-ботты іске қосады. Бұл туралы Пре­зидент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

 

 

«Ең бірінші, мәліметтеріңізді дұрыс толтыруды сұраймыз. Бар болғаны үш баған: аты-жөні, ЖСН және карта шоты. Дос, таныс емес, өзіңіздің жеке шотыңызды көрсету керек. Өйткені әлеуметтік төлемді тағайындауда сіздің тегіңіз карточка иесімен салыстырылатын болады», деді министр.

Telegram-бот арқылы төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алуға өтініш жасау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет: