• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Сәуір, 2020

Ө. Шөкеев: «Еңбек» бағдарламасы аясында 70 мыңнан астам тұрғын жұмыспен қамтылады

157 рет
көрсетілді

Түркістан облысындағы  2016,1 мың тұрғынның  832 мыңы (41,2%) экономикалық тұрғыдан белсенді. Өңір тұрғындарының 779,8 мыңы жұмыспен қамтылған. Мемлекет басшысының мәлімдемесіне сәйкес, өңірде әлеуметтік қолдау жұмыстары жүргізіледі.

Нақтырақ айтсақ, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 70 мыңнан астам облыс тұрғындары жұмыспен қамтылатынын мәлімдеді. Оған қоса, дағдарысқа қарсы шаралар ретінде республикалық бюджеттен бөлінген қосымша қаражатқа тағы 25 мың жұмыс орны ашылады. Яғни 100 мыңға жуық жұмыссыз жүрген азаматта тұрақты табыс табу мүмкіндігі пайда болады. Сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы»  бағдарламасы арқылы облыста 497 инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру көзделген. Соның нәтижесінде 22 мыңнан астам жұмыс орны ашылатыны болжанып отыр. Әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау мақсатында облыстағы барлық осал топтағы азаматтарға талдау жұмыстары жүргізіліп, әсіресе, аз қамтылған отбасылар, мүгедектер,  зейнеткерлер ерекше бақылауға алынған. 

Сонымен қатар Елбасының бастамасымен ең төменгі зейнетақы алатын мүгедектер, зейнеткерлер, жетім балалар, қарияларды қолдау үшін «Біргеміз» қоры құрылды. Бұл бағыттағы жұмыстар Nur Otan партиясымен жүзеге асырылатын болады.

 

Түркістан облысы