• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Сәуір, 2020

Ақмоладағы көктемгі қарбалас

239 рет
көрсетілді

Биыл облыстың ауыл шаруашылығы саласын қолдауға жергілікті және республикалық бюджеттен 37 миллиард теңге көлемінде субсидия бөлінді.

Қолдау шаралары шағын шаруа қожалықтарының иелерін де қамтып отыр. Мемлекет басшысының 31 наурыздағы мәлімдемесіне сәйкес диқаншыларға  қолдау ретінде мемлекеттен 100 миллиард теңге бөлінеді. Бұл да шаруаларға дер кезінде көрсетіліп отырған зор қолдау. 

Фермерлер үшін биыл да мемлекеттен қолдау зор. Мемлекет басшысы ауылшаруашылығымен айналысатын құрылымдар үшін бюджеттен 70 миллиард теңге бөлінетінін жеткізді. Бұл шешім шаруалардықанаттандырып отыр.   

–Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкіметтен Ақмола облысына 68 мың тонна арзандатылған дизельді отын бөлінді. Наурыздағы қажеттілікті біз сатып алдық. Бүгінде оның құнын арзандату мәселесі қарастырылып жатыр. Қазірде тоннасын 174 мың теңгеден сату бойынша хаттама келді. Дизель отынының бір литрі 165-168 теңгеден сатылады. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін арзандатып сатуға да мүмкіндік береді,–дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Димаш Таласбаев.

Бүгінде Ақмола облысының шаруалары көктемгі егіс науқанына қызу дайындық үстінде. Облыс шаруаларына бүгінде 527 мың тонна көлемінде тұқым қажет. Карантин жағдайында оны жеткізуде ешқандай кедергі болмайды. Себебі, облыстық әкімдік жанындағы арнайы штаб көктемгі егіс науқанына қажет тауарды жеткізу үшін арнайы рұқсат қағаздарын береді. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы шаруаларды көктемгі егіс науқанын жүргізуде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды шақырады.

 

Ақмола облысы