• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 03 Сәуір, 2020

Шағын және орта бизнес жұмысын тоқтатпау үшін шұғыл шаралар пакеті әзірленді

344 рет
көрсетілді

Төтенше жағдай кезінде шағын және орта бизнес жұмысын жүргізу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен шұғыл шаралар пакеті әзірленді. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мəдиев Орталық комминикациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте айтты.

«Біздің бағалауымызша жалпы ішкі өнім құрылымындағы шағын жəне орта бизнес үлесі 29,5%-ды құрайды. Шағын жəне орта бизнес секторында 3 миллионнан астам адам жұмыс істейді. Шағын жəне орта бизнесті негізгі қолдау «Бизнестің жол картасы 2025» жəне «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады», деді вице-министр.

Оның айтуынша, 2019 жылы жəне биылғы жылы осы бағдарламалар бойынша қолдауға ие болған кредиттік портфельдің жалпы көлемі 372 млрд теңгені құрап, 5,5 мыңнан астам жоба қаржыландырылған.

«Бүгінгі жағдай бизнес жұмысын тоқтатпау үшін қолайлы жағдай жасауды талап етеді. Елде төтенше жағдай енгізілгеннен бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шұғыл шаралар пакеті әзірленді. Осы жұмыс шеңберінде екі бағдарлама бойынша соңғы қарыз алушы үшін сыйақы ставкасы біріздендірілген. Енді осы бағдарламалар бойынша кредиттердің құны 6% - дан аспайтын болады», деді ол.