• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
31 Тамыз, 2013

Платини Катардағы әлем чемпионатын қыста өткізуді қолдайды

321 рет
көрсетілді

УЕФА-ның президенті Мишель Платини ФИФА басшысы Йозеф Блаттердің футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатын қысқы кезеңде Катарда өткізу жөніндегі идеясын қолдайды. Мұны ол жұма күні Монакода мәлім етті. Бұл туралы «Известия» газеті жазды.

«ФИФА президенті Йозеф Блаттердің 2022 жылы Катарда өтетін болып белгіленген әлем чемпионатын қыс мезгіліне көшіру жөніндегі ниетін қуана қарсы алдым. Мен бұл елдегі 50 градустық ыстықта футбол ойнаудың мүмкін емес екенін талай рет айтқанмын. Футболшылардың денсаулықтарын сақтауымыз керек. Бір стадионды кондиционермен жабдықтап қобға болатын шығар, бірақ бүкіл елдің аумағын олай ете алмайсың ғой», - деді Платини.

Бұдан бұрын Блаттер аталмыш мәселенің алдағы қазан айында өтетін ФИФА Атқару комитетінің сессиясында қаралатынын жеткізген болатын.

«УЕФА өз тарапынан сол жылғы әлем чемпионатын барынша жақсы өткізуді көздейтін бұл күнтізбелік кезеңді қолдайды», - деді тағы Платини.

Дамир Қожамқұл.