Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев төтенше жағдай кезінде шақырылатын әскери міндеттілер жайында айтты.
«Біздің жастар өте патриот. Кеше Мемлекет басшысының әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру туралы Жарлығы жариялана сала кейбір азаматтардан қоңыраулар келіп түсті. Олар төтенше жағдай кезінде жұмыссыз үйде отырғанша, қиын сәтте Отанымызға қызмет етеміз дейді. Әскери жиындарға шақыру - әрбір азаматтың қасиетті конституциялық борышы болып табылатын әскери міндеті. Бұл осындай қиын сәтте әр азаматтың іс жүзінде өз патриотизмін көрсетуге мүмкіндік береді», деді Нұрлан Ермекбаев.