Түркістан облысында 3 сәуір түске дейінгі ақпаратқа сәйкес, коронавирус індетін жұқтырған жалпы 5 адам тіркелді. Сөйтіп өңірде коронавирус індетімен тіркелгендер саны 16-ға жетті.
Оның ішінде 10 науқас Жетісай ауданында, Кентау қаласында 2 адам, Арыс қаласы - 1, Мақтаарал, Ордабасы және Сайрам аудандарында 1 адамнан тіркелді. Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған.
Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда. Сондай-ақ науқастармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан облысы