• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Сәуір, 2020

Дәрігерлерге 40 тонна ет пен картоп жіберді

254 рет
көрсетілді

Бүгінгі күні коронавирус індетімен күндіз-түні күресіп жатқан денсаулық сақшыларының өз отбасыларына қарайласатын, немесе үйлеріне күнделікті азық-түлік сатып алып баратын уақыттары жоқ десе де болады. Осыны ескерген есімі Ақтөбе аймағына кеңінен танымал кәсіпкер «Актеп» ЖШС-ның директоры Нұрлан Сағыналин дәрігерлерге азық-түлік түрінде көмек көрсетуді қажет деп тауыпты. Сонымен бірге ол осы қадамы арқылы бүкіл қазақстандық «Біз біргеміз!» акциясына өз үлесін қосуды ұйғарған.

Атап айтқанда Ақтөбе облыстық инфекциялық аурухана ұжымына жолдаған 20 тонна ет пен 20 тонна картоп кәсіпкердің медицина қызметкерлеріне деген қолдауы мен жанашырлығының белгісі екені хақ. Бұл жөнінде ол өзінің ақжарма тілегін «Egemen.kz» тілшісіне төмендегіше жеткізді.

-Мен бұл көмекті жергілікті атқарушы билік жетекшілерінің немесе өзге біреулердің айтуымен емес, жүрегімнің қалауы бойынша жасағанды жөн көрдім. Осы арқылы  өзімді көрсетіп қалайын деген ойдан да аулықпын. Пандемияға дейін жеткен қауіпті дертпен бетпе-бет келіп арыстанша арпалысып жүрген дәрігерлердің қазіргі анкешті іс-қимылдары қандай қолдауға да лайықты. Ас –адамның арқауы демей ме. Біздің серіктестікте өндірілген табиғи және экологиялық тұрғыдан таза жергілікті өнімдерден олар өздеріне ыстық тамақ әзірлеп ішсе –ойға алған мақсатымның орындалғаны.

Міне, азаматтық, ел мен жұрт алдындағы парыз бен қарыздың өтеуі деп осыны айтыңыз. Ендеше оның мұндай мәрттгі мен жомарттығы өзге әріптестеріне де сіңісті болса игі.