• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Сәуір, 2020

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 160 мың заемшының төлемдерін кейінге шегерді

415 рет
көрсетілді

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) дағдарысқа қарсы шара ретінде 160 мың заемшыға несие жөніндегі төлем шегерімін берді. Бұл шара 2020 жылдың 16 наурызы мен 16 маусымы аралығында барлық несие түріне қолданылады. Уақтылы өтелмеген төлемдер бойынша айыппұл және өсімпұл есептелмейді. Заемшыларға несиені не себепті төлемегені туралы растау құжаттарын тапсырудың қажеті жоқ. Тек 15 сәуірден кейін ЖССБ интернет-банкингінде өтініш беру жеткілікті.

– Біз клиенттерімізді бағалаймыз және барынша қамқорлық көрсетсек дейміз. Коронавирустың таралуына байланысты көптеген қазақстандық отбасының күрделі жағдайға ұшырағанын білеміз. Сондықтан әр заемшыға қолдау білдіру туралы шешім қабылдадық. 2020 жылдың 16 наурызынан бастап қаржылық қиындық көріп отырған клиенттерге 90 күн мерзімге несие төлемін шегеру мүмкіндігі беріледі. Ол үшін дәл қазір өтініш жазу, банкке келудің қажеті жоқ. Өтініш 15 сәуірден бастап ЖССБ24 интернет-банкингінде қабылданады. Бұл қадам клиенттерімізге қиындықтан өтіп, жақын арада қалыпты өмірге оралуларына көмектеседі деп үміттенеміз.

Қазақстандықтардың болашағын ойластырып, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы баспаналы болуды жоспарлайтынын банк көрсеткіштері байқатады, – дейді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

2020 жылдың 1 тоқсанында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары депозиттеріне 125 млрд теңге жинады. Жалпы алғанда, жыл басынан бері 93 508 жинақ шоты ашылған. Депозиттерге деген мұндай үлкен сұраныстың себебі – теңгелей берілетін және үстемақысы бекітіліп қойған несиенің қолжетімдігі. Депозиттеріне бастапқы жарнаға деп ақша жинаған банк клиенттері үй сатып алу үшін жылдық үстемақысы 2-8,5% аралығындағы несие рәсімдей ала алады.

Жыл басынан бері мұндай мүмкіндікті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 7 592 клиенті пайдаланған. Қазіргі уақытта ТҚЖБ несие қоржыны 1, 034 триллион теңгені құрайды. Ал мерзімі бітпеген заем саны 160 000-ды құрап отыр. Жыл басында қойылған жоспарлы көрсеткіштердің бәрін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 100%-ға орындады. Сондай-ақ банк заемшыларының несие шарттарын, тәртібін сақтай алатындығын атап өту керек. Мұны NPL деңгейінің төмендігінен (уақтылы өтелмеген, төлеу мерзіміні кешіктірілгеніне 90 күннен асқан) көруге болады. Қазір бұл көрсеткіш 0,18%-ды құрап отыр, ал ел банктеріндегі орта NPL 8%-ға тең.