• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Сәуір, 2020

Қарағанды облысында мобильді топтар іске кірісті

369 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында құрамына учаскелік полиция инспекторлары, санитарлық қызмет мамандары және еріктілер енген мобильді топтар карантин режимінің орындалуын қадағалайтын болады.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі биылғы жылдың 3 сәуіріне дейін тәртіп бұзушылықтың 233 әкімшілік хаттамасы толтырылғанын хабарлады. Сот шешімімен 151 адам айыппұл, қамауға алу және ескерту түрінде жауапкершілікке тартылған. Ал 82 материал бойынша тексеріс жүргізілуде.

Мобильді топтар облыс орталығында түнгі алдын алу рейдтерін ұйымдастыруды қолға алды. Бұл іс-шара барысында кешкі уақытта серуенге шыққан адамдарға карантин талаптары түсіндіріледі. Сондай-ақ, тұрғындарға  медициналық маска таратылды.

Карантин кезінде шектеулерді сақтау қажеттігі өте маңызды. Қажет болған жағдайда ғана көшеге шығуға болады. Азық-түлік алу үшін үйдің жанындағы дүкенді немесе жақын маңдағы супермаркетті таңдаған жөн. Бұл жағдай дәріхана мен банк бөлімшесіне де қатысты.

Үй жануарларын серуендетуге болады. Кәмелет жасына толмағандарға ересектерсіз жүруге тыйым салынады. Жасы 65-тен асқан адамдардың үйден шықпағаны абзал.

Полиция қызметкерлері тәртіп бұзушылардың әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.