• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Сәуір, 2020

Түркістан: Мектеп бітіруші түлектер ҰБТ-ға онлайн режимде дайындалады

139 рет
көрсетілді

Түркістан облысының мектеп бітіруші түлектері ҰБТ сынағына үйден шықпай онлайн режимде дайындалады.

Облыстық Қоғамдық даму басқармасы мен «Ontustik» телеарнасы және Адами әлеуетті дамыту басқармасы бірлесе қолға алған жаңа жоба 6 сәуірден бастап іске қосылатын болады. Онлайн сабақта өңірдің ең үздік ұстаздары дәріс оқиды.

Әрбір сабақтың ұзақтығы 20-30 минутты қамтымақ. Осы уақыт аралығында онлайн оқу бағдарламасына сәйкес ұстаздар 2-3 тапсырманы түсіндіріп өтеді. Күн сайын екі пән бойынша дәріс беріледі деп жоспарлануда. Жобаны әзірлеушілер онлайн сабақтар 11 сыныптың оқу бағдарламасына негізделгенін айтуда.