Екінші және үшінші сәуірде СҚО-дағы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында су тасқыны қаупі бар аймақтарға аспаннан бақылау жүргізілді.
Бортында Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, СҚО әкімінің орынбасары Антон Федяев, ІІМ ТЖК СҚО ТЖ департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов бар тікұшақ Айыртау, Ғ.Мүсірепов, Шал ақын, Есіл және Қызылжар аудандары мен Петропавл қаласының аумағын аралап, ұшып өтті.
Тікұшақтағы топ Имантау, Кіші Торанғұл және Үлкен Торанғұл көлдеріндегі мұз жағдайының қаупін бағалады. Облыстың басты су артериясы – Есіл өзені мен оның - Шарық, Ақанбұрлық, Бабықбурлық, Иманбурлық, Жембарақ, Қамықсақты сияқты сағаларына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Сергеев су қоймасыныңбөгеті тексерілді.
Басшылар су тасқыны жағдайын мұқият қарапжәне жағдай шиеленіскен болса халықты қалай қорғау шараларын жоспарлады. Мұндай жоспарлар бұрыннан бар болатын. Ұшу барысында көктемгі су тасқыны қаупі мен қатерлерінен халықты қорғау бойынша жүзеге асырылатын және жоспарланған бұрынғы іс-шараларға түзетулер енгізілді.
Жалпы, биылғы ылғал қоры облыстың оңтүстік өңірінде – Айыртау, Ғ. Мүсірепов, Тимирязев аудандарында жылдағы шамадағыдай. Ал облыстың орталық, солтүстік және солтүстік-шығыс бөліктерінде қар жамылғысы түгелдей дерлік жұқарып, қауіпті жағдайды сейілтті.
Су тасқыны қаупіне қарсы жедел әрекет ету үшін құрамында 484 адам, 155 бірлік техника, 8 бірлік жүзу құралдары және 72 бірлік мотопомпа бар ТЖД күштері мен құралдары топ дайындық сапында тұр.
Сонымен қатар су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу және алдын алу іс-шараларын орындау мақсатында Ғ.Мүсірепов, Уәлиханов және Айыртау аудандарына ТЖ департаменті ведомстволық бағыныстағы бөлімшелерінен 9 бірлік техника, жеке құрамынан 40 адам, 5 бірлік жүзу құралдары және 7 мотопомпа күштері мен құралдарын топтастырған. Бүгінгі күнге дейін өңірдегі көктемгі қадамдары сәттілікпен басталды. Күн жарқырап, ауа райы күннен күнге жылылыққа бет бұруда. Енді тек қарғын асау мінез танытпаса болғаны. Ар жағында егіс жұмыстарына ғыз тдайындық та бастылып кетеді.
Солтүстік Қазақстан облысы