Түркістан қаласында қауіпті вирус инфекциясымен күреске әскерилер тартылып жатыр. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазір дезинфекциялау шараларына 200 әскери мен бірнеше техника жұмылдырылған. Қажеттілік туындаған жағдайда әскерилердің саны артатындығы да айтылған.
- Бүгіннен бастап теміржол вокзалы толық жабылады. Автобекеттер толық жабық. Базарда азық-түліктен басқасы жабық. Енді құрылыстан бөлек басқа да мекемелердің барлығына шектеу қойылады. Жұмыстың бәрін бүгін тоқтату керек. Ауырғандардың бір-екеуі біздің аумақтан өткен. Сондықтан әскерден күш сұрадық. Бізде залалсыздандыруға адам саны аз болып жатыр. Бүгін барлығына қажетті заттардың барлығын алып бердік, - деді қала басшысы Рашид Аюпов, - деді шаһар басшысы Рашид Аюпов.