• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Сәуір, 2020

Қызылорда: Тест сынамалары жеткізілді

293 рет
көрсетілді

Қызылордаға коронавирус белгісін анықтайтын тест сынамалары  тағы жеткізілді. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов хабарлады.

- Бұған дейін бізде мұндай сынаманың 15 қорабы болған. Оны 556 адамды тексеруге жұмсадық. Ал қазір тағы 20 қорабы жеткізілді. Ол шамамен 700-750 адамды тексеруге жетеді, – деді басқарма басшысы.

Бір айта кетерлігі, сынамалар науқаспен қарым-қатынаста болған, вирус жұқтырудан қауіптілік деңгейі жоғары елдерден келген тұрғындарды тексеруге жұмсалады.

 

Қызылорда облысы