• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Сәуір, 2020

Түркістан: Төтенше жағдай тәртібін бұзған 26 адам қамауға алынды

471 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков блок-бекеттерде облыс аумағындағы шектеулер жайлы тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бүгінде полиция департаментінің барлық жеке құрамы қызмет атқарудың күшейтілген қызметіне көшкен. Инфекцияның алдын алу мақсатында облыста 76 блок-бекет қойылған, онда тәулік бойы дәрігерлер мен полицейлер жұмыс істейді. Оның ішінде екі блок-пост республикалық маңызы бар автожолдарда ашылған.

Жетісай ауданының орталығында, Жаңаауыл мен Жылысу ауылдық округтерінде Әбдіқалық және Байқоныс ауылдарының жанында коронавирустың таралу ошақтары анықталуына байланысты карантин енгізіліп, Жетісай полиция бөлімінің қызметкерлерінен 14 блок-бекет қойылды.

"Төтенше жағдай енгізілгеннен бері облыс полицейлері 84 төтенше жағдай режимін бұзушылықты анықтады, азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабына сәйкес "төтенше жағдай режимін бұзу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 26-сы әкімшілік тәртіпте қамауға алынды. Облыс тұрғындарын шектеу шараларына түсіністікпен қарауға, төтенше жағдай талаптарын қатаң сақтауға және аса қажетсіз үйден шықпауға шақырамын" деді департамент бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков.

Сондай-ақ департамент қызметкерлері жалған ақпарат таратудың 9 жайтын анықтады. Күдіктілер дер кезінде анықталып, жауапкершілікке тартылған.

 

 

Түркістан облысы