• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Руханият 04 Сәуір, 2020

«Карантиндегі жұлдыздар»: Бүгін Майра Мұхамедқызы онлайн концерт береді

409 рет
көрсетілді

Әсем әуен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтыны белгілі. Пандемия, карантин, мәдени өмірден оқшау қалу – мұның барлығы адамзат үшін үлкен стресс. Осы себептен бүгінгідей күрделі жағдайда «Қазақтелеком» АҚ Мәдениет және спорт министрлігімен бірге Қазақстан халқына эмоционалдық қолдау көрсету мақсатында Қазнет үшін «Карантиндегі жұлдыздар» бірегей жобасын ұсынады.Күнде кешкі уақытта сіздер талантты әншілерімізді тыңдап, керемет инструменталдық орындаушылық өнерін тамашалай аласыздар. Хабар онлайн режимінде өтеді, олай болса, әрбір қазақстандық сүйікті жұлдыздарын тыңдап, көріп қана қоймай, олармен тікелей эфирде тілдесе де алады.

Коронавирус індетінің таралуына және елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты мәдениет және спорт мекемелері онлайн кеңістікті игере бастады. «Карантиндегі жұлдыздар» жобасының бүгінгі қонағы – Майра Мұхамедқызы.

Әнші бүгін сағат 21.00-де өз тыңдармандарымен қауышады.