• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Сәуір, 2020

Түркістан облысы: Ауылдағылар ақылдаса келе, оңтайлы шешім қабылдады

3742 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Жетісай ауданында коронавирус жұқтырғандар санының 13- ке жетуі ауылдағыларды алаңдатып отыр. Ауданда карантин енгізіліп, сақтық шаралары күшейтілген. Екі бірдей ауыл қоршауға алынып, дерттің таралмауына барынша күш салынуда.

Дегенмен Құрбан ата ауылының тұрғындары жаман індеттің алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында ауылдың кіреберіс қақпасына блок-бекет орнатты. Тұрғындар ақылдаса келе осындай шешім қабылдаған.  Ауылдың Жетісай қаласына жақын орналасуы және келімді-кетімді адамдардың көптігі де блок-бекет орнатуға себеп болса керек. Бүгінде Құрбан ата ауылында 300 ден астам үйде 2793 адам тұрады. Қазіргі таңда ауылға тіршілікті қамтамасыз ету мақсатында кіріп-шығатын көліктер тіркеуге алынып, түгелдей дезинфекциядан өткізілуде.

 

Түркістан облысы