• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Сәуір, 2020

Импортқа баж салығы төмендетілді

416 рет
көрсетілді

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларға импорттық баж салығы төмендетілді

Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан тарапы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің қарауына картоп, пияз, сарымсақ, қырыққабат, сәбіз, бұрыш, қара бидай, ұзын дәнді күріш, қарақұмық, қарақұмық жармасы, балаларға арналған дайын тамақ өнімдері, емшек сүтін алмастырғыштар, балаларға арналған шырындар, дәрілік заттар мен оларды өндіруге арналған шикізат, COVID-2019 коронавирусының алдын алу және емдеу үшін қажетті медициналық бұйымдар мен медициналық мақсаттағы жабдықтар импортына нөлдік кедендік баж салығын белгілеу жөнінде ұсыныс енгізді.

«Көкөніс ұсынысының маусымдық қысқаруы, сондай-ақ жеке қорғану құралдары мен дәрілік заттарға деген сұраныстың жоғары болуы жағдайында қабылданған шешім халық үшін сезімтал тауарлардың импорты кезіндегі шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді», - деп Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің Қазақстан атынан мүшесі Әлихан Смайылов атап өтті.

Бұл бастаманы барлық ЕАЭО-ға мүше мемлекеттері қолдады. Кеден баждарын төмендету 2020 жылдың 30 маусымына дейінгі кезеңге қабылданды, ал кейбір медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмектерге қатысты нөлдік баж 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін қолданылатын болады, қажет болған жағдайда шешім ұзартылуы мүмкін.