Түркістан облысында 6 сәуірдегі соңғы мәлімет бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тіркелді. Жалпы өңірде 33 адамда коронавирус індеті расталды.
Соңғы тіркелген бесеудің бірі арыстық 2018 жылғы бүлдіршіннен және Кентау қаласының 1982 жылғы, 2003 жылғы, 2005 жылғы тұрғындарынан алынған талдама нәтижелері бойынша олардың вирус жұқтырғаны анықталды. Аталған науқастар Шымкентке Нұр-Сұлтан қаласынан 076 поезбен келген жетісайлық азаматшамен байланыста болған жақын туыстары. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда. Олармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан облысы