• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Сәуір, 2020

Алматы: Дезинфекция жұмыстарына 293 млн теңге бөлінген

244 рет
көрсетілді

Аумағы тұтастай оқшауланып, қатаң карантин режиміне көшкен Алматыда тазалық жұмысы күніне екі мәрте, таңертең және кешкі уақыттарда жүргізіліп жатыр. Шаһардағы дезинфекция жұмыстарына 293 млн теңге бөлінген. Бұл туралы қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Ержан Сейтенов мәлімдеді.

«Жалпы дезинфекцияға 293 миллион теңге бөлінді, егер әрбір кіреберістің бағасына тоқталар болсам, онда ол 600 теңгеден 9 мың теңгеге дейінгі аралықта. Мысалы, екі қабатты үйдің кіреберісін алсаңыз, онда бір реттік залалсыздандыру 600 теңгені құрайды, ал 28 қабатты үйдің кіреберісі 9 мың теңге»,– дейді Ержан Сейтенов.

Мамандардың сөзінше, дезинфекцияға арналған қоспалардың адам мен жануарлардың денсаулығына мүлде зияны жоқ.

Бұған дейін тұрғындарға, пайдаланылған медициналық қалдықтарды әрі қарай заласыздандыру мақсатында бөлек қапшықтарға жинап, шығару қажеттігі ескертілген болатын.