Жеңіл атлетика Азия қоғамы эстафета бойынша құрлықтық турнирді кейінге шегергенін хабарлады. Аталған жарыс биыл маусым айында өтуі тиіс еді деп хабарлайды Olympic.kz.
«СOVID-19 індетіне байланысты ұйымдастыру комитеті эстафетадан Қытайда өтетін доданы тоқтатуды құп көрді. Тайландта өтетін Азия жартылай марафоны туралы қандай да бір өзгеріс болса алдын ала хабарланады. Қазірше қауіпсіздік ережесін сақтаңыздар!», делінген ресми хабарламада.