Биылғы 4-6 сәуір аралығында мемлекеттік кірістер органдарымен дара кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалардың 320 мыңнан аса банктік шоттарына қойылған шектеулер кері қайтарылды. Бұл жеке тұлғалардың 42500₸ әлеуметтік жәрдемақыны алуына мүмкіндік беру үшін жасалды, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдайға байланысты табыстан айырылған адамдарға 42500 теңге сомасында ай сайынғы әлеуметтік көмек аудару басталған.
Осыған орай, аумақтық МКД тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда, дара кәсіпкер ретінде тіркеуде тұрған жеке тұлғаларға және жеке практикамен айналысатын тұлғаларға қатысты шығарылған банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер мен инкассалық өкімдерді қолдап кері қайтаруда.