• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Руханият 08 Сәуір, 2020

Жұдырықтай жұмылайық

219 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы» Жарлыққа қол қойған еді.

Жарлықта «Қазақстан Рес­пуб­ликасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілер арнау­лы жиындарға шақырылсын. Аста­наның, республикалық маңызы бар қалалардың және об­лыстардың жергілікті атқа­рушы органдары Қазақстан Рес­публикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша шақырылатын әскери мін­дет­тілердің санын және арнаулы жиындарды өткізу мерзімдерін айқындай отырып, тиісті жер­гілікті әскери басқару органдары арқылы әскери міндеттілерді ар­наулы жиындарға шақыруды жүр­гізуді ұйымдастырсын және қам­тамасыз етсін» деп айқын көрсетілген.

Еліміздегі Төтенше жағдайға байланысты қолға алынған бұл шараны мен де қолдаймын. Се­бебі дүние жүзін дүрліктірген пан­демияны ауыздықтау әлі де оңайға соқпай тұр. Бұл ретте ер- азаматтың ел алдындағы басты парызы – Отанын от пен судан қорғап, қолдан келген көмегін беру деп білемін.

Әрине арнаулы жиындарға шақы­рылғандар майдан шебіне жіберіл­месі белгілі. Сондықтан «Отан оттан да ыстық» деп дана халқымыз айтқандай, оны кесел мен кесапаттан қор­ғау – кеудесінде намысы бар әр отандасымыздың басты аза­­маттық борышы. Батыр Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс, күй­мей­сің!» деген қанатты сөзі осындай қысылтаяң шақта жігіттердің жігерін жанып, жүректегі ұранына айналуы тиіс. Себебі небір зұлмат жылдарды, аштық пен соғысты тобығынан қан кешіп жүріп еңсерген ержүрек халқымыз бұдан да зор нәубеттерді басынан өткерген еді. Оған тарих таразы.

«Ер ел үшін туады» деген бар. Осы сөзді байрақ етіп көте­рер кез келді. Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын де­сек, Мемлекет басшысы баста­ған шараға жұдырықтай жұмы­луымыз қажет!

 

Олжас АХМЕТОВ,

«Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубының ұстазы

 

Қарағанды облысы