• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Сәуір, 2020

Қызылорда: Сақтық шараларын күшейтпесе болмайды

724 рет
көрсетілді

Кеше түнде Қызылорда облысында COVID-19 вирусын жұқтырғандардың қатарына тағы 12 адам қосылғаны хабарланған еді. Олардың 11-і Шиелі, біреуі Арал ауданынан тіркеліп отыр. Бұл туралы облыс әкімдігі әлеуметтік желі арқылы хабарлады.   

Барлығы осыған дейін науқас адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік бақылауға алынған екен. Қазір жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылып, хаттамаға сәйкес ем тағайындалды.

Осымен аймақта коронавирустық инфекцияға шалдыққандар қатары 66-ға жетті. Осыған байланысты тиісті орындар тұрғындарды төтенше жағдай талаптарын, сақтық шараларын күшейтуге шақырады.