• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Сәуір, 2020

Қызылорда: Тағы 3 адам тіркелді

456 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында тағы 3 адамның инфекция жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады.

Үшеуі де Сырдария ауданында тіркеліп отыр. Олар коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты  карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған екен.  ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19  диагнозы нақтыланды.

Қазір олармен араласқан адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынып, ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Өңірде вирус жұқтырғандар қатары 69 адамға жетті. Олардың 35-і Шиелі ауданынан тіркеліп отыр. Жаңақорған ауданында 16, Қармақшы мен Сырдария аудандарының әрқайсысында төрттен, Аралда 1, Қызылорда қаласында 9  науқас анықталған.