• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Сәуір, 2020

Алматы: 1000 отбасына азық-түлік үлестірілді

144 рет
көрсетілді

Алматыда 1000 отбасына азық-түлік жеткізілді. Nur Otan партиясының қолдауымен іске асқан игі-шараға еліміздің эстрада әншілері да атсалысып жатыр.

Кәсіпкерлердің демеушілігімен сатып алынған азық-түліктер шаһардағы Алатау және Наурызбай ауданының мұқтаж жандарына табысталды. Қос жүк көлігіне тиелген ең керекті деген азық-түліктер мен тұрмыстық тауарлардың салмағы 15 тонна тартады. Тұтас ел көлемінде қанат қаққан «Біз біргеміз» акциясы аясында ұйымдастырылған шара алдағы уақытта да жалғаса бермек.

– Бүгін 15 тоннадай азық-түлікті билік арнайы бекіткен жерге қоймаға тапсырып отыр. Алматы қаласындағы Алатау және Наурызбай аудандарындағы әкімдік өкілдері келіп оны мемлекеттік «Қазпошта» тасымалдау қызметінің көмегіне жүгіне отырып, мұқтаж жандарға табыстайтын болады, – дейді еріктілер.

 

АЛМАТЫ