Соңғы мәліметтер бойынша Қызылорда облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 9 науқастың анықталғаны белгілі болды. Өңірлік коммуникация қызметінің хабарлауынша жаңадан вирус жұқтырғандардың барлығы Шиелі ауданынан тіркеліп отыр.
Науқастардың ең жасы 8 жасар қыз болса, ең үлкені 1944 жылғы ер адам. Қазір науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық.
Бекітілген алгоритмге сәйкес олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Осымен аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 85 адам анықталды. Оның тоғызы Қызылорда қаласында, 16-сы Жаңақорған, 4-еуі Қармақшы, жетеуі Сырдария, екеуі Арал ауданында тіркелген.
Аудандар арасында ауру көп байқалып отырған осы Шиелі ауданы. Қазір ондағы дерт жұқтырғандар қатары 47 адамға жетті.