Түркістан облысында азық-түлік тауарларының шекті бағасы белгіленіп, бақылауға алынды. Мәселен, бірінші сортты бидай ұны - 169 теңге, осы ұннан жасалған бидай наны - 155 теңге, күріш - 216 теңге, сиыр еті - 1910 теңге, жұмыртқа - 28 теңге, күнбағыс майы - 434 теңге, қарақұмық жармасы - 327 теңге болып белгіленген.
Базар нарқындағы тауардың құны осы белгіленген бағадан асып кетпеуін қадағалау үшін мамандар сауда орындарына тұрақты түрде мониторинг жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мәлімдеді.
Мамандар тұрғындарды азық-түлік құнының қымбаттауын болдырмау шараларына атсалысуға шақырды. Аталған тауарлардың белгіленген шектік бағадан қымбатқа саудаланып жатқанын кездестірген азамат тиісті орынға хабарласуына болады. Ол үшін www.dosmart.kz сайтына немесе https://t.me/consumerprotectionKZ телеграмм арнасына кіріп, қажетті ақпарат беру керек. Сондай-ақ, жергілікті әкімдікке тікелей хабарласып та мән-жайды жеткізуге болады.
Түркістан облысы