Қалалық мобилділік басқармасы қоғамдық көліктердегі жолаушылар ағымына күнбе-күн мониторинг жүргізіп отыр. Карантиннің күшейтілген режиміне қарамастан, талдау нәтижесі соңғы күндері жекелеген бағыттарда жолаушылар санының өсуін көрсеткен.
Сондықтан 9 сәуірден бастап 57 маршрутқа 2 қосымша маршрут қосылды. 10 сәуірден бастап тағы 2 автобус іске қосылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, ертеңнен бастап 92, 29, 141, 118, 106, 38 маршруттарға қосымша жылжымалы бірліктерді іске қосу күтілуде.
Басқарма өкілдері тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, себепсіз үйден шықпауға, автобусқа бетпердесіз кірмеуге шақырды. Сондай-ақ автобус іші 40 пайызға толы болған жағдайда көлікке мінбеген абзал.