• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Сәуір, 2020

Текеліге қос аққу қонды

558 рет
көрсетілді

Кеншілер қаласы атанған Текелінің табиғаты тылсым сыр ментамаша көрініске толы екенін көзбен көрген адам ғана сезіне алады. Қазір тау арасындағы қалаға көктем келіп, қоршаған орта түрленіп жатыр.

Әсіресе, биылғы көктем текеліліктер үшін ерекше есте қалатын оқиғаға толы болайын деп тұр. Қалаға қос аққу ұшып келді. Текеліні қақ жарып ағатын қос өзен – Қора мен Шажаның тоғысатын тұсынан ағынды Қаратал өзені бастау алады. Қос аққу дәл осы өзендер түйіскен тұсқа қонып, еркін жүзіп жүр.

 - Екі өзен тоғысып, Қараталдың бастау алатын тұсы бір ғажап көрініске ие еді. Осы тұстан көпір салуды жоспарлап жүргенбіз. Оны жобасы да дайын болатын. Көпірге «Махабат көпірі» деген атау да беріп қойғанбыз. Ал дәл осы тұсқа қос аққу қонып, суда еркін жүзіп жүргенін қала тұрығндары жақсы ырымға жорып жатыр, - дейді Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев.