• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Сәуір, 2020

Түркістан: «Мейірімді ауылдастар» көмекке мұқтаж жандардың алғысына бөленуде

296 рет
көрсетілді

Ауылдастың немесе туысқанның жағдайын телефон арқылы білгеннің өзіне тәуба дерлік бүгінгі жағдай, әсіресе, қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қиынырақ тиіп тұр. Осы орайда «Біз біргеміз!» акциясының да, оның шеңберіндегі «Мейірімді ауылдастар» сынды челлендждің де маңызы зор.

Осы үлгілі іс, бүгінгінің тілімен айтқанда челлендж аясында түркістандықтар облыс аумағында тұратын қарт кісілер мен тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға азық-түлік, керек-жарақтарын алып беріп, көмек қолдарын созуда. «Мейірімді ауылдастар» аясында атқарылып жатқан қайырымдылық шараларына кәсіпкерлер, еріктілермен қатар аудан, қалалардың белсенді жастары атсалысуда.

Мысалы, Отырар ауданының ерікті жастары жергілікті кәсіпкерлермен бірлесе 5 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етіп, үй шаруаларына көмектесті. Шардара аудандық «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудан аумағындағы қарияларға медициналық құрал-жабдықтар мен бір реттік азық-түліктер жеткізілді. Бәйдібек ауданының кәсіпкерлері елді мекендердегі әлеуметтік аз қамтылған 300 отбасыға 17,5 тонна ұн мен 1,75 тонна күріш, 1,75 тонна өсімдік майын таратуда.

Аталмыш челлендж облыстың барлық аудан, қалаларында жалғасын тауып, қайырымды азаматтар, ерікті жастар қариялар мен көмекке мұқтаж жандардың алғысын алуда.

 

Түркістан облысы