• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Сәуір, 2020

Қызылорда: Кәсіпкерлерге кедергі жоқ

751 рет
көрсетілді

Қызылордада вирус жұқтырғандар көбейіп, облыс орталығы мен бірқатар аудандарда карантин жарияланғаны белгілі. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің №7 қаулысынан кейін де тағы бірқатар шектеу шаралары енгізілді.  

Осыған байланысты қала әкімдігі мен жергілікті кәсіпкерлер палатасы   қала ішінде тек қана азық-түлік тауарларын, дәрілік, медициналық заттар және жанар-жағар май тасымалдаушы кәсіпкерлер ғана жүріп-тұра алатынын ескертіп отыр.

Кәсіпкерлер «Сергек» базасына енгізіліп, бекеттерден осы базадағы дерек бойынша өтеді. Кәсіп иелерін базаға тіркеуді  кәсіпкерлер палатасы өз жауапкершілігіне алды. Ол үшін кәсіпкерлер өздерінің фирмалық бланкілеріне арнайы әзірленген өтініш формасын толтырып, тиісті орындарға электронды пошта арқылы жолдауы қажет.

Осы тауар түрлерін тасымалдап жүрген кәсіпкерлер кедергіге тап болса палата өкілдеріне хабарласа алады.