Осыған дейін біз коронавирус инфекциясын жұқтырған қызылордалық келіншектің аман-есен босанғанын, баланың бойынан вирус белгісі табылмағанын хабарлаған болатынбыз.
Осыған сәл уақыт бұрын облыстық перинаталдық орталық дәрігерлері БАҚ өкілдерін нәрестенің жағдайынан хабардар етті.
-Толғақ қысқан келіншек бізге 8 сәуір күні келіп түсіп, орталықтың провизорлық бөліміне жатқызылды. Аман-есен босандырдық, нәрестенің бойынан вирус белгісі табылған жоқ. Қазір анасы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды, ал бала 14 күн бойы біздің орталықтың провизорлық бөлімде бақылауда болады, – деді орталық бас дәрігерінің орынбасары Ләззат Сапарбаева.