• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Сәуір, 2020

Түркістанда биыл 2 592 отбасы баспаналы болады

180 рет
көрсетілді

Түркістан облысы бойынша биыл қаржыландырудың барлық көздері арқылы 670 мың шаршы метр, яғни 6 мыңға жуық пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда.

Оған алғышарттар да жоқ емес. Мәселен, биылғы қаңтар-наурыз айының қорытындысымен 111,2 мың шаршы метр тұрғын үй (783 пәтер) пайдалануға берілген. Сонымен қатар, бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру бойынша биыл облыста 30 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 28 нысан пайдалануға беріледі. Ал, облыс орталығы Түркістан қаласында мемлекеттік бюджет есебінен кредиттік 88 тұрғын үй салынуда, жыл соңында оның 24-і ел игілігіне тапсырылады. Бұдан бөлек, жеке салымшылар тарапынан 37 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, жыл соңына дейін 31 үйді пайдалануға беру көзделген. Жалпы облыс орталығында биыл 2592 пәтер пайдалануға беріледі.

Айта кетелік, облыс көлеміндегі құрылыс нысандарында сақтық шаралары облыс әкімдігі тарапынан күнделікті бақылауға алынған. Түркістан қаласында құрылысы тоқтаған нысандар жоқ.

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар