• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Сәуір, 2020

Түркістан: Инфекция жұқтырған адам екі жасар сәбимен жақын байланыста болған

184 рет
көрсетілді

Түркістан облысында 10 сәуірдегі соңғы мәлімет бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам тіркелді. Өңірде қазіргі таңда коронавирус індеті расталғандар саны 35-ке жетті.

Індет жұқтырғаны анықталған 1974 жылы туған Арыс қаласының тұрғыны COVID-19 инфекциясы расталған екі жасар сәбимен жақын байланыста болған.

Жалпы облыс бойынша Жетісай ауданында – 14 адам тіркелген, оның ішінде 64 жастағы азамат 4 сәуір күні қайтыс болды. Сондай-ақ, Арысқаласында - 7, Кентауда - 5, Ордабасы  - 2, Сайрам - 2, Мақтарал - 4, Сарыағаш ауданында 1 тұрғыніндетке шалдыққан.

Вирус жұқтырған азамат оқшауланған, тиісті ем қабылдауда.