Қызылорда қаласындағы эпидемиялогиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты бүгіннен бастап карантиндік режимдегі қосымша шектеу шаралары енгізілді.
Соған байланысты қаладағы қоғамдық көліктердің жүру уақыты шектеліп отыр. Қоғамдық көліктер енді таңғы 7:00-9:00, түскі 13:00-15:00, кешкі 18:00-20:00 аралығында ғана жүреді.
Қаладағы және қалаға қарасты елді мекендердегі (кәсіпкерлік нысандар, мемлекеттік маңызы бар нысандар және жеке тұрғын үйлер) барлық құрылыс нысандарының жұмысы 12 сәуірден - 22 сәуірге дейін тоқтайды.
Шектеу шараларына сәйкес коронавирустық індетпен күресуге қатыстырылған мекемелерді қоспағанда меншік нысанына қарамастан барлық мекемелер қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшіріледі.