- Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Әкімшілік құқықбұзушылық туарлы Кодекстің 608-бабының 8-бөлігі және 476-бабының 6-тармағымен азаматша А.Ж.-ға қатысты әкімшілік істер қаралды. Сотта анықталғандай, оның көлік құралын басқару құқығы болмаған. Алайда, 2020 жылдың сәуір айында түнгі уақытта алкогольдік масаң күйде автокөлікті басқарған. Құқық қорғаушылармен оның әрекеті көлік құралын масаң күйде басқару және төтенше жағдай режимін бұзу деп дәрежеленген, - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін мойындаған. Ол ақталу үшін пәтер кілтін әпкесіне жеткізу үшін көлік құралын басқаруға мәжбүр болғанын айтқан. Бірақ, сот оған қатысты бірнеше қаулы шығарды. Сөйтіп, мас күйде көлік руліне отырған әйелге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 608-бабының 8-бөлігімен 371 140 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ, аталған Кодекстің 476-бабының 6-тармағымен ескерту түріндегі жаза қолданылды.
Жұмасат ҒАЗИЗ