• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Коронавирус 12 Сәуір, 2020

Түркістан: Ақтаудан келген арыстық азаматтың індет жұқтырғаны анықталды

319 рет
көрсетілді

Түркістан облысында коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам тіркелді. Өңірде қазіргі таңда коронавирус індеті расталғандар саны 36-ғажетті.

Індет жұқтырғаны анықталған Арыс қаласының 1995 жылғы тумасы Ақтау қаласында жұмыс істеген. 31 наурыз күні үйіне келген. Вирус жұқтырған азамат оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.

Жалпы облыс бойынша Жетісай ауданында – 14 адам тіркелген, оның ішінде 64 жастағы азамат 4 сәуір күні қайтыс болды. Сондай-ақ, Арысқаласында - 8, Кентауда - 5, Ордабасы  - 2, Сайрам - 2, Мақтарал - 4, Сарыағаш ауданында 1 тұрғыніндетке шалдыққан.