• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Сәуір, 2020

Қызылорда: Індет қайта белгі берді

1088 рет
көрсетілді

Соңғы тәулікте тыншып қалғандай көрінген вирусқа Қызылордадан бүгін тағы 3 адам шалдығыпты. Бір қуанарлығы, бұрынғыдай дертті топтап жұқтырудың беті қайтқан сияқты. Бұл түрлі шектеу шаралары мен мамандардың тынымсыз жұмысының нәтижесі.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында брифинг өткізген облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов жаңадан тіркелген науқастар жайлы тарата айтты.

- Үш науқастың біреуі Жаңақорған ауданынан, ал екеуі Шиеліден тіркеліп отыр. Бұлар бұрын науқаспен қарым-қатынаста болғандар ретінде карантиндік бақылауға алынған. Қазір үшеуі де ауруханаға жатқызылып, тиісті емдеу шаралары басталды. Осымен облыста вирус жұқтырғандар саны 119-ға жетті, – деді облыстың бас дәрігері.