• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Сәуір, 2020

Түркістан: Індет жұқтырғандардың алтауы бір отбасыдан

284 рет
көрсетілді

Түркістан облысында коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тіркелді. Соңғы мәліметтер бойынша өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны – 43-ке жетті.

Індет жұқтырғандардың алтауы бір отбасының мүшелері, яғни Арыс қаласы, Наурыз ауылының  1965 ж. 1987 ж., 1989 ж., 1998 ж., 2004 ж.,  2010 жылы туған тұрғындары. Сондай-ақ Бәйдібек ауданы, Бөген ауылдық округі, Мыңбұлақ ауылының 1987 жылы туған тұрғыны COVID-19 вирусын жұқтырған азаматпен жақын байланыста болған. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда. Олармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы облыс бойынша Жетісай ауданында – 14 адам тіркелген, оның ішінде 64 жастағы азамат 4 сәуір күні қайтыс болды. Сондай-ақ, Арыс қаласында - 14, Кентауда - 5, Ордабасы  - 2, Сайрам - 2, Мақтарал - 4, Сарыағаш – 1, Бәйдібек ауданында 1 тұрғын індетке шалдыққан.

 

Түркістан облысы