• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Сәуір, 2020

Сауда орталықтары, дәмханалар мен мейрамханалар әзірге ашылмайды

203 рет
көрсетілді

Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия ТЖ кезінде жұмысын бастай алатын ШОБ кәсіпорындарын анықтайды. Бұл туралы Жедел штаб өкілдері хабарлады.

Бүгін жұмысты қайта бастауға рұқсат берілетін кәсіпорындардың тізімін бекіту үшін Мемлекеттік комиссия отырысы өтеді. Қызметін қайта қолға алуға рұқсат берілетін Нұр-Сұлтан мен Алматының кәсіпкерлеріне карантин тәртібін сақтауға тура келеді. Қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігі үшін олар санитарлық-эпидемиологиялық режим талаптарына қатаң бағынуы қажет.

Сонымен қатар кинотеатрлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, клубтар, мейрамханалар мен дәмханалар әзір ашылмайды.