Ақмола облысының аумағында 2020 жылдың 13 сәуірінде сағат 21.00-ден бастап 2020 жылдың 25 сәуіріне дейін халықтың шаруашылығы мен басқа қызметіне қосымша шектеу шаралары енгізіледі.
Атап айтқанда, жолаушылар тасымалдау көліктері мен қоғамдық көліктердің барлық түрлерінің жұмысы тоқтатылады. Тек қана ресми тіркелген такси қызметі жұмыс істей алады. Олардың өзіне бір рет отырғызғанда бір отбасының мүшелері болмаса, 2 ересек жолаушыдан артық отырғызуға болмайды.
Ақмола облысы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның барлық шешімдері орындалуы тиіс. Карантин жарияланған аумақта көліктердің кіруі мен шығуына тыйым салынады. Одан тек қана Ақмола облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі департаментінің басшысының және департаменттің аумақтық басқармалары басшыларының куәлендірілген қолы мен мөрі бар қызмет куәлігімен немесе анықтамасымен Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мамандары, жергілікті жердегі басшының куәлендірген қолы мен мөрі бар анықтама болған жағдайда пациенттер мен мемлекеттік медициналық мекемелердің медициналық қызметкерлері, құқық қорғау, арнайы органдардың қызметкерлері мен сот жүйесінің қызметкерлері, аймақтық жедел штабтың бекіткен тізіміне сәйкес жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, халықтың өмірлік маңызы бар мәселелерін шешумен айналысатын қызметкерлер, соның ішінде арнайы мамандандырылған инкассаторлық автокөліктің, «Қазпошта» акционерлік қоғамының автокөліктері (бөгде адамдарсыз), «Сергек» мәліметтер базасына сәйкес транзиттік жүк автокөліктері, азық-түлік өнімдері, дәрі-дәрмек және медициналық құралдар, жеке қорғаныс және гигиеналық құралдар, ауыл шаруашылығы өнімдері, ауыл шаруашылығы техникасы, құрылыс және басқа да материалдар тиелген арнайы мамандандырылған және жүк автокөліктері (жүргізуші және әрі алғанда екі жолаушы), төтенше жағдай туралы қауіпсіздік шараларында атап көрсетілгеніндей, медициналық көрсетілімдері бойынша кіріп-шығатын адамдар ғана өтулері тиіс.