• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Сәуір, 2020

ҚазҰУ ғалымдары дайындаған антисептик өз тиімділігін көрсетті

214 рет
көрсетілді

Өткен аптада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  ғалымдары медициналық практикада және коронавирустың алдын алуда қолдануға болатын антисептик дайындап шығарған болатын.

ҚазҰУ құрамындағы  «Жаңа химиялық технологиялар және материалдар» ҒЗИ ғалымдары Сайтама университетіндегі жапондық әріптестерімен бірлесе отырып жаңа тиімді дезинфекциялық құралдар мен тері антисептиктерін жасау технологиясын әзірлеген. Еліміздің медициналық мекемелерінде жүргізілген алдын-ала сынақтар антисептиктің  жоғары тиімділігін көрсеткен.

Гигиеналық қорғау құралының  тиімділігі М. Айқымбаев атындағы Ұлттық аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығының аккредиттелген зертханасының қорытындысымен расталды.

 Бүгінде ҚазҰУ ғалымдары Қазақстанда өсетін өсімдік экстрактілерін дезинфекциялау құралдары мен тері антисептиктерінің құрамында пайдалану бойынша зерттеулер жүргізуде. Химиялық компоненттерді өсімдік сығындыларына ішінара ауыстыру тиімді және қолдануға ыңғайлы жаңа препараттарды шығаруға мүмкіндік бермек.

 

АЛМАТЫ