Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты облыстық қан орталығында донорлардың жетіспеушілігі қатты сезілуде. Олардың саны екі есе азайған.
Төтенше жағдай енгізілгенге дейін облыстық қан орталығына күніне 20-25 донор келетін. Қазіргі уақытта олардың саны 8-12 адамға дейін қысқарды. Бүгінде орталықта қан қоры жеткілікті, бірақ, оны күнделікті толықтырып отыру қажет. Мәселенің алдын-алу үшін орталық бірқатар жұмыс атқарылуда.
– Барлық қан тобы орталықта бар. Өтінімдер уақытылы орындалады. Бірақ донорлар саны азайды. Біз барлық медициналық ұйымдардың басшыларына және кәсіпорын жетекшілеріне хат жолдадық. Өзіміздің қызмет көлігімізбен донорларды жеткіземіз, – дейді облыстық қан орталығының бас дәрігері Ермек Мұхамедиев.
Медицина қызметкерлері азаматтардың игілікті шарадан шет қалмай, өз еріктерімен келуге шақырады. Өйткені, сіздің қаныңыз біреудің өмірін сақтап қалуы әбден мүмкін.
Ақмола облысы