• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Сәуір, 2020

Түркістан облысында 1994 дәрігер үстемақы алды

422 рет
көрсетілді

COVID-19 инфекциясымен күресте аянбай еңбек етіп жүрген мамандар жұмыс қауіптілігіне қарай 3 топқа бөлінген. Тәуекелдің бірінші тобына өте қауіпті жағдайда жұмыс істейтін 27 қызметкер енді. Екінші санат қауіптілігіндегі дәрігерлер мен фельдшерлерге, яғни, 337 медицина мамандарына үстемақы төленді. Үшінші топқа 1630 қызметкері еніп отыр.

Үстемақы алғандар реанимация бөлімдерін қоса алғанда, жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері, карантиндік аймақтағы орта және кіші буын медицина қызметкерлері. Сондай-ақ провизорлық стационар мен жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері және жедел-жәрдем жүргізушілері. Жалпы өңір жұртшылығы індетпен күресіп жүрген әр қызметкердің мамандығына адалдығы мен табандылығын ерекше бағалауда.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес беріліп жатқан бұл қаржылай көмек және ынталандыру сала мамандарына үлкен қолдау болды», дейді облыстағы әр науқасты бақылап, дәрігерлік көмек көрсетіп жүрген жоғары білікті инфекционист - дәрігер Бақтығали Аюбайұлы.

 

Түркістан облысы