Бүгін Атырау облысында коронавирус инфекциясынан тағы 3 адам жазылып, айыққандар қатары бесеуге жетті.
«Бүгін инфекциялық стационардан жазылып шаққандардың арасында №3 емхананың медбикесі, «Нұр-Сұлтан-Атырау» пойызының жолаушысы бар. Үшінші пациент –«Ыстамбул-Атырау» авиарейсімен келген жолаушы. Жазылып шыққандардың бәрі өздерін жақсы сезінеді. Оларды медициналық мекеменің шыға берісінде туыстары мен жақындары күтіп алды» деп хабарлады өңірлік жедел штабтан.
Атырау облысында бүгінге дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған 59 адам тіркелген. Кеше атыраулық екі адамның жазылып шыққан еді.
Жұмасат ҒАЗИЗ