Ел ішін кесел кеулеп кетпеуі үшін басын қатерге тігіп еңбек етіп жүрген Сыр бойы дәрігерлері үстемақы ала бастады.
Мемлекетттің бұл қолдауына осы індетке шалдыққандар көп тіркелген өңірдің бірі Жаңақорған ауданы дәрігерлері ризашылықтарын жеткізуде.
– Қазір Жаңақорған аудандық ауруханасының 7 дәрігеріне, 14 орта буын және 11 кіші буын қызметкеріне 2 жарым миллион теңгеден астам үстеме қаржы төленді, – дейді ауданаралық аурухананың бас дәрігері Яхия Шорабаев.Сонымен қатар, осы аудандағы Көктөбе, Бесарық тосқауыл бекеттеріндегі 41 орта буын медицина қызметкеріне 1 134 633,59 теңге аударылған.
Бұл ауданда дерт жұқтырған алғашқы науқас 30 наурыз күні тіркелген болатын. Қазір анықталған18 науқастың сегізі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, оны аудандық жұқпалы аурулар бөлімшесінде ем алуда.