• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Сәуір, 2020

Пластикті бірнеше сағатта өңдеп шығарады

335 рет
көрсетілді

The Gardian басылымының жазуынша, ғалымдар пластик көтелкелерді бірнеше ағаттың ішінде қайта пайдалануға болатындай етіп өңдеп шығаратын бактериалды фермент жасап шығарды. 

«Фермент бөтелкелерді химиялық блоктарға өзгертеді. Кейін оны жоғары сапалы жаңа бөтелке жасау үшін пайдалануға болады. Ал қазіргі таңда өңделген пластиктер тек киім немесе кілем өндірісінде пайдалануға жарамды» деп жазылған мақалада.

Сондай-ақ, басылымның хабарлауынша, мұндай өңдеу тәсілі алдағы бес жылда өндірістік масштабта пайдаланылатын болады. Ал тәуелсіз сарапшылар жаңа ферментті ірі жетістік деп атаған.

«Планетаны миллиардтаған тонна пластик қалдығы ластап жатыр. Ал жаңа фермент туралы материал Nature журналында жарияланды» деп жазылған мақалада.

Айта кетейік, авторлар ферментті өзгертіп, мутацияға ұшыратқан екен. Сол себепті де оның пластикті ыдырату қабілеті жақсара түскен.