• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Сәуір, 2020

Алматыда бір тәулікте 174 адамның індет жұқтырғаны анықталды

1289 рет
көрсетілді

Бүгін, 14 сәуірде Алматыда коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны 346-ға жетті (оның ішінде 6-ы бала, 3 жүкті әйел бар).

Жаңадан анықталған жағдай – 174, оның 58-і жергілікті науқаспен байланыста болғандар, оның ішінде Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының 1 қызметкері, Орталық қалалық клиникалық аурухананың 110 медицина қызметкері, Медициналық жедел жәрдем қызметінің 2 қызметкері, №32 Қалалық емхананың 1 қызметкері, №11 Қалалық емхананың 1 қызметкері, №1 Қалалық клиникалық аурухананың 1 қызметкері бар.

Инфекциялық стационарларда Covid-19-ды емдеуде 295 пациент жатыр, оның ішінде 7 адамның жай-күйі – ауыр, 41 адамның (бір әйел Алматы облысынан) жағдайы –орташа, 247 науқастың денсаулығы – қанағаттанарлық.

Провизорлық орталықтарда 256 адам бар, оның ішінде – 12 бала, карантиндік оқшаулауда – 366, үйдегі карантинде – 7097 пациент.

Медицина қызметкерлерінің жай-күйі полисегментті пневмонияларының болуына байланысты екеуінде – ауыр, қалған науқастарда – қанағаттанарлық.

«Барлық байланыста болған адамдарға диагноздарын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Вирусты олар пациенттерден де жұқтыруы мүмкін, өйткені олар шұғыл медициналық көмек көрсетуді жалғастырып отырды. Олардың ішінде ауру белгілері байқалмаған пациенттер де болуы мүмкін. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерін тексеріп-қарау бойынша барлық шаралар қолданылып жатқандығын атап өткен жөн. Бұдан басқа, барлық қалалық клиникалардың ішінде қызметкерлерді коронавирусқа міндетті түрде тексеріп-қараумен эпидемияға қарсы іс-шаралар күшейтілді», дейді Алматы қалалық денсаулық сақату Басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

 

АЛМАТЫ