Махамбет ауданындағы «АтырауАгроӨнімдері» шаруа қожалығының жетекшісі Владимир Розметов Ресеймен шекарадағы Құрманғазы ауданына 20 тонна көкөніс жіберді. Оның 15 тоннасы картоп, ал, 5 тоннасын пияз құрайды. Бұл өнімдер 19 ауылдық округтегі 49 елді-мекен тұрғындарына тегін беріледі.
– Құрманғазы –облыс орталығынан шалған жатқан, Ресейдің Астрахан облысымен шекаралас аудан. Осы кезге дейін бұл ауданның тұрғындары күнделікті азық-түлігін көрші елден сатып алатынын білемін. Қазір сол мүмкіндіктің аясы тарылды. Сондықтан, төтенше жағдайға байланысты көршілес ауданға көкөніспен көмектесуге бел байладым. Өйткені, қазіргі кезде қосымша табыс табудан гөрі халықтың азық-түліктен тарықпағаны маңызды ғой, -дейді шаруа қожалығының жетекшісі Владимир Розметов.
Жұмасат ҒАЗИЗ